
Атырау облысында көктемгі дала жұмыстары басталып, диқандар егіс науқанына кірісті. Биыл өңір бойынша егістік алаңының көлемі 10 150 гектарды құрайды деп жоспарлануда.
Оның ішінде картоп – 675 гектар, көкөністер – 2500 гектар, бақша дақылдары – 1350 гектар және мал азықтық дақылдар – 5625 гектарды құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда артып отыр.
Қазіргі таңда 8 120 гектар жер жыртылып, жоспардың 80 пайызы орындалды. Қалған 2 030 гектар жер мамыр айының соңына дейін толықтай жыртылатын болады.
Көктемгі дала жұмыстарын сапалы әрі уақытылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылып, шаруаларды жанар-жағармаймен, тұқыммен және минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.
Мамандардың айтуынша, егіс науқанының мерзімінде жүргізілуі мол өнім алудың негізгі кепілі болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-auyl/press/news/details/1207718?lang=kk

Жауап қалдыру