ЕР БЕКЗАТ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Мәдениет үйінде Бекзат Саттархановты еске алуға арналған «Ұлт батыры – Ер Бекзат» атты мәдени іс-шара өтті. Сидней Олимпиадасы 2000 чемпионы, қазақ халқының мақтанышына айналған даңқты спортшыны ұлықтауға арналған тағылымды кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Мәдениет үйінің кіреберісінде Бекзат Саттархановтың өмір жолы мен спорттық жетістіктеріне арналған фотокөрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды. Кеш барысында «Ер Бекзат ел жадында» атты бейнематериал көрсетіліп, жиналған қауым чемпионның жарқын ғұмыры мен жеңісті жолына тағы бір мәрте куә болды.
Іс-шара аясында қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі тәрбиеленушілері арасында өткен жарыстың жеңімпаздары марапатталып, жас спортшыларға құрмет көрсетілді.
Кеш соңы Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, патриоттық әндер шырқалды.
Аталған тағылымды кеш көрермендерге ерекше әсер қалдырып, ел мақтанышы болған ер тұлғаның есімі халық жадында мәңгі сақталатынын тағы бір мәрте айқындады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1207510?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді