Ертіс ауданында оқушылар «Заң және тәртіп» тақырыбын жаңа форматта талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

24 сәуір күні Ертіс ауданының жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында «Заң және тәртіп. Жаңғырту» тақырыбында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында көңілді тапқырлар клубы (КТК) ойыны ұйымдастырылды. Бұл жолғы ойын әдеттегі әзіл-сықақ сайысы ғана емес, құқықтық мәдениетті насихаттайтын мазмұнды әрі серпінді алаңға айналды.

Іс-шараның басты мақсаты — оқушыларды белсенді және мазмұнды бос уақыт өткізуге тарту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ мектептер арасында КТК қозғалысын жаңа деңгейде жандандыру болды. Нәтижесінде ауданның 10 мектебінен жиналған 100 оқушы өз өнерін ортаға салып, жоғары дайындық, ерекше сценарий және командалық үйлесімділіктің жарқын үлгісін көрсетті.

Сахнада тек күлкі мен әзіл ғана емес, астарлы ой, әлеуметтік жауапкершілік және заң мен тәртіп тақырыбына құрылған шығармашылық қойылымдар көрініс тапты. Қатысушылар көрерменге ой салатын, тәрбиелік мәні бар нөмірлер ұсынып, ойынның мазмұнын жаңа деңгейге көтерді.

Қорытынды бойынша:
Бас жүлде — Абай атындағы ЖОББМ командасына бұйырды;
І орын — Ағашорын ЖОББМ;
ІІ орын — Қоскөл ЖОББМ;
ІІІ орын — Қызылжар ЖОББМ.

Қалған командалар да түрлі номинациялармен марапатталды.

Қазылар алқасының мүшесі, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қалижанова Гүлвиза Қасымжанқызы шараның мән-маңызына ерекше тоқталды:
«Мұндай форматтағы іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Қатысушылар тек шығармашылық қабілетін емес, заң мен тәртіпке деген көзқарасын да көрсетті. Бұл — бүгінгі қоғам үшін өте маңызды қадам», — деді ол.

КТК ойыны Ертіс ауданы оқушылары үшін тек жарыс емес, шығармашылық пен құқықтық тәрбиені ұштастырған ерекше тәжірибе алаңы болды. Бұл жоба жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және жауапкершілік мәдениетін нығайтуға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1207797?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді