Кәсіпкердің құқығы қорғалып, қаржысы өндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шиелі аудандық прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізіліп, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан кәсіпкерлік субъектісіне тиесілі ақша қаражаттың уақтылы төленбеу фактісі анықталды.

Яғни, Бөлім мен «Аксар Строй» ЖШС арасында 28.07.2025ж. «Шиелі ауданы Жансейіт елді мекеніне ішкі газ тарату желілерін салу» бойынша 180 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған.

Жұмыстар өткен жылдың желтоқсан айында толық аяқталып, объекті салтанатты түрдеашылып, тұрғындарға пайдалануға берілген.

Дегенмен, кәсіпкерге атқарған жұмыстары үшін 105 млн теңге қаржы аударылып, қалған 75 млн теңгенің аударылуы кешіктірілген.

Аталған факті бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, кәсіпкерге тиесілі қаржы төленіп, құқықтары қорғалды.  

 

 

Қызылорда облысының прокуратурасы

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1207578?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді