КӨКТЕМГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Д. Карсембаевтың төрағалығымен көктемгі әскерге шақыру науқанының барысы мен орындалысына арналған мазмұнды жиын өтті. Ел қорғанысының негізін қалайтын маңызды науқанның жүзеге асырылуы кеңінен талқыланып, жауапты сала өкілдерінің есептері тыңдалды.

Жиын барысында аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің басшысы Ә. Карашин, полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Б. Жұмабаев және «Жастар орталығы» КМК басшысы Н. Даулетқабылов өз баяндамаларын ұсынып, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге жан-жақты тоқталды.

Сонымен қатар, ауылдық округтер мен кенттердің әскери есеп мамандары қатысып, көктемгі шақыру науқанын сапалы әрі уақтылы ұйымдастыру бағытында нақты тапсырмалар жүктелді.

Аталған жиын – ел болашағы үшін жауапты іске деген ортақ жауапкершілікті нығайтып, үйлесімді жұмыстың маңызын айқындай түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1207836?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді