Колледж басшыларының іс-сапары: кәсіби бағдар және жүйелі жаңғыру жолында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Колледж басшыларының 2 күндік іс-сапары аясында Ақсуат, Жарма және Көкпекті аудандарында ата-аналар мен оқушылармен маңызды кездесулер өтті. Кездесу барысында кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізіліп, жастарға болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Сонымен қатар, іс-сапар аясында көшпелі директорлар кеңесі ұйымдастырылды. Кеңесте білім беру ұйымдарының даму бағытына қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда:

  • оқу орындарының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын трансформациялау;
  • білім беру бағдарламаларын әзірлеу тетіктері;
  • мемлекеттік колледждердің меншік нысанын МКҚК-дан ШЖҚ-ға ауыстыру механизмдері;
  • бюджеттен тыс қаражатты тиімді басқару;
  • қызметкерлер еңбекақысындағы икемділік;
  • құзыреттілік орталықтарын коммерциялық бірлік ретінде дамыту;
  • активтерді басқару және туындайтын мәселелер;
  • колледждер ассоциациясын құру мүмкіндігі.

Кеңес қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-bilim/press/news/details/1208217?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді