
2026 жылғы 23 сәуірде Макинск қаласының Аудандық мәдениет үйінде «Эмоционалдық күйзелістің алдын алу» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.
Іс-шара Ақмола облысында волонтерлік қозғалысты дамытуға бағытталған жоба аясында, «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» мен «Jana urpaq STEP» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді.
Шеберлік сабағына Бұланды, Біржан сал және Бурабай аудандарынан келген волонтерлер қатысты.
Бағдарлама барысында қатысушылар эмоционалдық күйзелістің мәні, себептері мен негізгі белгілері туралы ақпарат алды. Теориялық бөлімде күйзелістің кезеңдері мен волонтерлердің оған бейімділігі қарастырылды.
Практикалық бөлімде қатысушыларға күйзелістің алдын алу бойынша тиімді әдістер ұсынылып, тыныс алу жаттығулары, «Стоп-стресс» техникасы және жеке ресурсты қалпына келтіру тәсілдері көрсетілді.
Сонымен қатар, топтық жұмыс аясында волонтерлік қызметке қатысты нақты жағдайлар талданып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, мәселені шешу жолдарын ұсынды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, пайдалы білім мен практикалық дағдыларға ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp/press/news/details/1208176?lang=kk

Жауап қалдыру