Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2026 жылғы 10 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» сервистік бағдарламалық өнімін (бұдан әрі – СЭҚ СБӨ) енгізу жөніндегі №30 хаттамасына сәйкес, 2026 жылғы 21 сәуірде қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қатысуымен СЭҚ СБӨ және «Ekpo» зертханалық ақпараттық жүйесінің жұмысын талдау бойынша облыстық кеңес өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеңес барысында Департамент басшысының орынбасары мен бөлім басшылары тарапынан қалалық және аудандық басқармаларда СЭҚ СБӨ-ні енгізу және тиімді пайдалану мәселелері қаралды.

 

          Сонымен қатар, жиын қорытындысы бойынша СЭҚ СБӨ жұмысын жандандыру, оны одан әрі тиімді іске асыру, сондай-ақ өндірістік бақылау есептері шеңберінде бақылаудағы объектілермен өзара іс-қимылды күшейту бағытында Департамент тарапынан қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына нақты тапсырмалар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1208186?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді