«НТП Kazecotech» ЖШС халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласында өтіп жатқан RES 2026 өңірлік экологиялық саммиті аясында «НТП Kazecotech» ЖШС (Қазақстан Республикасы) мен «Сифания-Экотехника» жеке өндірістік-сауда унитарлық кәсіпорны (Беларусь Республикасы) арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қол қойылған меморандум мынадай бағыттарды қамтиды:

✔ экология және қалдықтарды басқару саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру;

✔ қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату технологияларын дамыту;

✔ Қазақстан Республикасында жабдықтарды бірлесіп өндіруді жолға қою;

✔ озық инженерлік және технологиялық шешімдерді енгізу.

Аталған келісім заманауи экологиялық технологияларды енгізуге, инвестициялар тартуға және орнықты даму саласындағы халықаралық әріптестікті нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1208466?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді