НҰРЖАН БАТЫРБЕКОВ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ЖАҒАЖАЙДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының спортшысы Нұржан Батырбеков Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VI жағажай Азия ойындарында джиу-джитсу бойынша алтын медаль жеңіп алды.

Жерлесіміз 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Финалдық белдесуде Батырбеков оңтүстіккореялық Ли Джэёнмен кездесіп, қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.

Айта кетейік, VI Азия жағажай ойындары 2026 жылдың 22–30 сәуір аралығында Қытай Халық Республикасының Санья қаласында өтуде. Додаға әлемнің 45 елінен келген спортшылар қатысуда, жалпы қатысушылар саны шамамен 1790 адамды құрайды. Жүлделер 15 спорт түрі бойынша сарапқа салынады.

Қазақстанның ұлттық құрамасы 9 спорт түрінен бақ сынап, ел намысын 70 спортшы қорғауда. Ал Астана қаласынан ұлттық құрама сапында 5 спорт түрі бойынша 8 спортшы сынға түсіп отыр.

Сурет: Никита Басов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1208468?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді