
Болашақ мамандармен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелелері талқыланды. Қызылорда облысы ТЖД мен Қорқыт Ата атындағы университет арасындағы үшжақты меморандум негізінде студенттермен кездесу өтті. ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мамандары мұнай-газ саласындағы қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, арнайы бейнероликтер көрсетті. Шараның негізгі мақсаты — болашақ мамандарға өндірістік нысандардағы қауіпсіздік талаптарын таныстыру және құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ теориялық білімді нығайту. Кездесудің қорытынды бөлімі ашық диалогқа ұласты. Болашақ мамандар көкейде жүрген сауалдарын ортаға салып, сарапшылардан мазмұнды әрі жан-жақты мәлімет алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1207762?lang=kk

Жауап қалдыру