
🔷 Шымкент қаласында өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, онда 8 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды. Оның ішінде 4 мыңнан астамы солтүстік өңірлерден келген делегаттар тарапынан таныстырылды.
🔷 «Көрме» орталығында ұйымдастырылған ауқымды іс-шараға 80-нен астам жұмыс беруші қатысты. Жәрмеңкеде жұмыссыз азаматтармен қатар жастар, зейнет жасына дейінгі тұрғындар, пробация қызметі есебінде тұрғандар, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтар және алимент берешегі бар тұлғалар ұсынылған мүмкіндіктермен кеңінен танысты.
🔷 Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарынан келген делегаттар өңіраралық жұмыспен қамту тетіктері, ерікті қоныс аудару бағдарламалары, өңірлердің географиялық ерекшеліктері мен әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берді.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек жәрмеңкені аралап, солтүстік өңірлерден келген делегациялармен кездесті, ұсынылған бастамалармен танысты.
🔷 Жәрмеңке қорытындысы бойынша 100-ге жуық адам тұрақты жұмыс орындарына, 17 азамат субсидияланатын жұмыс орындарына бағытталды. Пробация қызметінде тіркеуде тұрған 24 адамға, алимент берешегі бар 15 азаматқа тұрақты жұмысқа жолдама берілді.
🔷 Сондай-ақ, 422 тұрғын ерікті қоныс аудару мәселелері бойынша кеңес алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1207967?lang=kk

Жауап қалдыру