
Қазақстанда 2026 жылы Кітапханашылар күні мен Ұлттық кітап күні 23 сәуірде бірге атап өтіледі, Осы мереке аясында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Кітапхана инновацияларының панорамасы және цифрлық трансформациядағы үздік тәжірибелер» атты семинар-практикум өтті.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының кітапхана мамандары қатысады. Бағдарлама қатысушыларды тіркеу және кітапхана жұмысымен таныстырудан басталып, Кітапханашылар күніне арналған құттықтаумен жалғасты.
Семинар аясында көрнекті кітапхана қайраткері Дәулетова Нәзира Қожахметқызының 100 жылдығына арналған «Кітапхана ісіне арналған ғұмыр» тақырыбында тағылымды шара өтті. Қатысушылар оның өмірі мен еңбектерімен танысты. Сондай-ақ, тұлғаның жарқын бейнесін танытатын фотосуреттерден дайындалған видеослайд ұсынылды. Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлға мұрасы – кейінгі ұрпаққа өнеге.
Семинар барысында кітапхананың негізгі жобалары ұсынылды:
- Кітапханалық нейро-ассистент ДосАІ- оқырмандармен жұмыс істеуге арналған цифрлық көмекші: сұраныстарға жауап береді, әдебиеттерді іріктейді, кітапхана ресурстары бойынша бағыт-бағдар береді және пайдаланушыларға қызмет көрсетуді жеделдетеді.
- ЖИ-комплектор жобасы – жаңа түсімдерді жедел өңдеуге арналған интеллектуалды құрал: кітап сипаттамаларын қалыптастырады және электрондық каталогқа жазба дайындауға көмектеседі, әдебиеттерді енгізу уақытын қысқартып, оны оқырмандарға жылдамырақ қолжетімді етеді.
- KitapAI мобильді сандық кітапханасы, онда кітаптарды оқып қана қоймай, жасанды интеллектпен талқылауға болады.
- «ProKrai»-өлкетану бағытындағы мерзімді басылымдарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін Telegram-боты. Чат-бот форматындағы өлкетану мерзімді басылымдарының базасында мақалаларды жылдам іздеу, газет-журналдардың архивтік жарияланымдарына қол жеткізу және өлкетану ақпаратын жедел алуды қамтамасыз етілген.
Жанды демонстрацияға ерекше назар аударылады: қатысушылар технологияның нақты жағдайда қалай жұмыс істейтінін көрді және олардың практикалық пайдасын бағалай алды.
Сонымен қатар, бағдарламада ЖИ құралдарын зерделеу бойынша практикалық сессиясы қарастырылған, онда қатысушылар шешімдерді өз бетінше тексерді және оларды күнделікті жұмыста қолдану дағдыларын алды.
Семинар түсінікті және динамикалық презентация форматында өтті-теорияны шамадан тыс жүктемей, тәжірибеге, нақты жағдайларға және енгізуге дайын құралдарға баса назар аударылды.
Іс-шараны өткізу кітапхананың заманауи білім орталығы ретіндегі стратегиялық дамуын көрсетеді, онда технологиялар жұмыстың ажырамас бөлігіне айналады және мамандар мен пайдаланушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1207959?lang=kk

Жауап қалдыру