Қала әкімі өңірлік мәслихаттардың семинар-кеңесіне қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Көне Тараз – ел бірлігі мен басқару дәстүрінің бесігі» атты өңірлік мәслихаттар арасындағы семинар-кеңеске қатысты.

Жиында қала әкімі Тараздың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, соңғы үш жылда инвестиция, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үй және сауда салаларында тұрақты өсім байқалғанын айтты.

2023–2025 жылдары қалада 33 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, қазіргі таңда 62 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Қаланың сәулеттік келбетін жаңарту аясында орталық көшелердегі тұрғын үйлердің қасбеттері жөнделіп, бұл жұмыстар биыл да жалғасады.

Соңғы жылдары ауыз су желілері жаңартылып, бүгінде қала халқының 99,2 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.

Көшелер мен аулаларды жарықтандыру жұмыстары нәтижесінде екі жыл ішінде 908 аула жарық шамдарымен қамтылды.

Қоғамдық көлік саны 330-дан 522 автобусқа дейін артып, бағыттар саны 46-ға жетті.

Кеңес барысында қала әкімі депутаттардың сұрақтарына жауап беріп, өңірлер арасындағы тәжірибе алмасудың маңызын атап өтті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1208380?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді