
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастыруымен «Сауатты жарнама – сапалы қызмет» әлеуметтік жобасы аясында кәсіпкерлерге көмек көрсету мақсатында Telegram-бот әзірленді.
Telegram-бот арнасына
https://t.me/til_qaragandy_bot
осы сілтеме арқылы жазыла аласыздар.
Telegram-бот арқылы Қарағанды қаласының кәсіпкерлері тіл және жарнама туралы заңнама талаптарымен танысып, тегін аударма қызметіне жүгіне алады.
«Сауатты жарнама – сапалы қызмет» әлеуметтік жобасын жүзеге асырудағы мақсат – Қарағанды қаласындағы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ұйымдар мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің көрнекі ақпараттары мен жарнамаларын «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Жарнама туралы» заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік тілде дұрыс рәсімдеу мәдениетін қалыптастыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1207703?lang=kk

Жауап қалдыру