Қазақстан мен БАӘ климаттық саясат және табиғи ресурстарды тұрақты басқару саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Қазақстан мен БАӘ арасындағы экологиялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды Астана қаласында өткен Өңірлік экологиялық саммит аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаев Абу-Даби қоршаған ортаны қорғау агенттігінің интеграцияланған экологиялық саясат және жоспарлау жөніндегі атқарушы директоры Абдулла Мохаммед Әл Ремейтимен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар климаттық күн тәртібінің өзекті мәселелерін, оның ішінде климаттың өзгеруіне бейімделу, оның салдарын азайту, сондай-ақ экономиканы әртараптандыру бағыттарын талқылады. Сонымен қатар, үздік халықаралық тәжірибелермен алмасу және су ресурстарын тұрақты басқару саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екендіктерін білдіріп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1208172?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді