
Өңірлік экологиялық саммит аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Асад Маджид Ханмен кездесуі өтіп жатыр.
Тараптар ОЭС шеңберінде экологиялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылап, климаттың өзгеруі, жердің тозуы, қоршаған ортаның ластануы және ресурстарды ұтымды пайдалану қажеттілігі сияқты негізгі сын-қатерлер бойынша ортақ түсініктің бар екенін атап өтуде. Өңірлік деңгейде үйлестіруді күшейту және практикалық іс-қимылдарға көшу маңыздылығы ерекше көрсетілуде.
Қазақстан ОЭС-пен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растайды және Ұйымды практикалық экологиялық бастамаларды ілгерілету үшін перспективалы алаң ретінде қарастырады.
Баку декларациясы мен RESCUE бастамасының өңірде ресурстарды тиімді пайдалану және айналмалы экономиканы дамыту платформасы ретіндегі маңызы атап өтілуде. Қазақстан қалдықтарды басқару және қайта өңдеуді дамыту саласындағы өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін және ОЭС-ке мүше мемлекеттердің озық тәжірибелерін зерделейтінін атап өтеді.
Тараптар нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бірлескен экологиялық шешімдерді ілгерілету және ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілік білдіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1207876?lang=kk

Жауап қалдыру