ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сіздердің назарларыңызды сабақтан тыс уақытта, сондай-ақ демалыс және мереке күндері балаларыңыздың бос уақытын ұйымдастыруына, мінез-құлқына және жүрген жеріне бақылауды күшейту қажеттілігіне аударамыз.

Сіздерден балалармен жеке қауіпсіздік ережелері туралы және өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін орындарға: қараусыз қалған, апатты және пайдаланылмайтын ғимараттарға, құрылыс алаңдарына, жертөлелерге, шатырларға және басқа да қауіпті нысандарға баруға болмайтыны туралы түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізулеріңізді сұраймыз.

Балаларға мұндай әрекеттердің ықтимал қауіптері мен салдарын, соның ішінде жарақат алу және төтенше жағдайлардың орын алу мүмкіндігін түсінікті түрде жеткізу маңызды. Балалардың жауапкершілікті және саналы мінез-құлқын қалыптастыруға ерекше назар аударыңыздар.

Ұсынамыз:

* балаңыздың араласатын ортасын білу;
* оның бос уақытын бақылау;
* жүретін бағыттарын нақтылап отыру;
* баламен тұрақты байланыста болу (телефон, мессенджерлер арқылы);
* туындаған мәселелер бойынша сынып жетекшісімен немесе мектеп әкімшілігімен уақытылы байланысу.

Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек отбасы, мектеп және қоғамның бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде ғана мүмкін екенін еске саламыз.

Сіздерге ынтымақтастықтарыңыз бен бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1207621?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді