ҚҰРМЕТТІ ЖАС ТҮЛЕК!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік грант негізінде оқу орнын үздік аяқтаған (GPA 3,33-тен жоғары) түлектер үшін жаңа мүмкіндіктер қарастырылған.
Атап айтқанда, аталған талаптарға сай келетін жас мамандар аудандық және ауылдық елді мекендердегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындала алады. Бұл – жастарды мемлекеттік қызметке тарту және өңірлердегі кадр тапшылығын азайту мақсатында қабылданған маңызды шешім.
Егер сізде осы мүмкіндікке қатысты сұрақтар туындаса немесе қосымша ақпарат алғыңыз келсе, көрсетілген мекенжайға жүгінуіңізге немесе байланыс нөмірлері арқылы хабарласуыңызға болады.
Мекенжай: Жаңа қала, Департаменттер үйі, А блогы, 2-қабат, 295 кабинет
Байланыс телефондары: 8 (72533) 5-94-73, 8 702 850 60 67

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1207507?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді