Рюхова мен Кәрімова Саньяда екінші жеңісіне қол жеткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жағажай волейболынан Қазақстан-2 командасының өкілі Екатерина Рюхова мен Кристина Кәрімова Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан Азия жағажай ойындарында кезекті жеңісіне қол жеткізді.

​Біздің жұп Макао елінің өкілі Никола Лам мен Ин У Ианды айқын басымдықпен жеңді. Матч екі сет қорытындысы бойынша 2-0 (21:14, 21:10) есебімен аяқталды.

Айта кетейік, кеше Рюхова мен Кәрімова турнирдегі алғашқы кездесуінде Моңғолия құрамасынан басым түскен.

​Ал еліміздің намысын қорғайтын тағы бір жұп Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко бұл жолы Макао спортшыларына есе жіберді. Олар Иенг О Леонг пен Вэн Сам Лоу жұбынан 0-2 (9:21, 14:21) есебімен жеңіліп қалды.

Фото: Никита БАСОВ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1208225?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді