
Бүгін Астана қаласының Конгресс-орталығында өткен «Болашақ ұрпақты қорғау: экологиялық күн тәртібіндегі денсаулық — Арал теңізінің бассейніне арналған сабақтар мен шешімдер» атты жоғары деңгейдегі саммитке қатыстым.
Саммит жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрі А. Әлназарова және Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түркіменстан елдерінің министрлері мен Арал өңірінде орналасқан Қызылорда, Атырау облыстары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Саммит Орталық Азия елдерін климат пен экология саласындағы негізгі мәселелер бойынша келісілген диалог қалыптастыру мақсатында біріктіреді.
Бағдарлама климаттық өтуді қолдауды, экологиялық және табиғи қатерлерге бейімделуді, экономикалық тұрақтылықты, азық-түлік қауіпсіздігін, өңір экожүйелерін қорғауды, табиғи ресурстарды орнықты басқаруды, атмосфералық ауаның ластануына қарсы күресті және қалдықтарды басқаруды, сондай-ақ экологиялық мақсаттарға қол жеткізу тетіктерін қамтыды.
Сонымен қатар, саммитке өңір елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері, халықаралық ұйымдар, даму институттары, ғылыми қауымдастық, бизнес және азаматтық қоғам өкілдерімен бірге ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары қатысты.
Саммит барысында Арал проблемаларымен күресу жұмыстары жайындағы мемлекетаралық меморандумдарға қол қойылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1207725?lang=kk

Жауап қалдыру