СУБҰРҚАҚТАРДЫ ЖАЗҒЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласы саябақтар мен субұрқақтардың саны бойынша республикада алдыңғы қатардан орын алады.
Қазіргі таңда ауа райының жылынуына және жазғы маусымның басталуына байланысты қала аумағындағы субұрқақтарға алдын ала тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ақау анықталған нысандар бойынша сынған және бұзылған бөліктері кезең-кезеңімен қалпына келтірілуде.
Айта кетейік, қалада жалпы саны 100-ге жуық субұрқақ бар. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекше дизайнмен және сәулеттік стильмен ерекшеленеді. Қатарында ұлттық нақышта орындалған үлгілермен бірге заманауи архитектуралық шешімдер негізінде жасалған субұрқақтар да бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1208365?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді