«Таза Қарақия» жол бойындағы аумақтарды ретке келтірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарақия ауданында санитарлық тазалық пен қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Соның бір көрінісі ретінде Құрық-Ақтау тас жолы бойында орналасқан автотұрақ аумағында кең көлемді тазалық шаралары ұйымдастырылды. Аталған жұмыстарды «Таза Қарақия» коммуналдық мекемесінің қызметкерлері жүргізді. Мамандар жол бойындағы автотұрақ орындарын қоқыстан тазартып, аумақты ретке келтіріп, тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға шығарды.

Жол бойындағы автотұрақтар-жолаушылар мен туристер жиі аялдайтын маңызды нысандардың бірі. Сондықтан олардың таза әрі қауіпсіз болуы өңірдің имиджіне де тікелей әсер етеді. Өңір тұрғындары мен жол жүргіншілерін қоғамдық орындарда тазалық сақтауға, қоқысты белгіленген орындарға тастауға шақырамыз. Тазалық-ортақ міндет, ал оны сақтау-әр азаматтың жауапкершілігі.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1207932?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді