
Таза Қазақстан: Жасыл аймақ – таза өлке!
Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде сағат 10:00-де Қамысты ауылының аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жалпыоблыстық сенбілік өтеді.
Осы айтулы күн биыл Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан біз тек тазалық жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, ауылымызды жасыл желекке бөлеуді мақсат тұтамыз.
Іс-шара бағдарламасында:
Көшелерді, аулаларды және қоғамдық орындарды санитарлық тазарту;
Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні аясында жас көшеттерді егу;
Саябақтар мен скверлерді абаттандыру.
Мақсатымыз: Туған өлкеміздің экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру және болашақ ұрпақ үшін жасыл желек қалдыру.
Құрметті аудан тұрғындары, ұйым жетекшілері, еріктілер мен жастар!
Сіздерді осынау игі іске белсене қатысуға шақырамыз. Әрбір егілген ағаш пен тазаланған аула — біздің ортақ үйімізге қосқан үлкен үлесіміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/1208273?lang=kk

Жауап қалдыру