
Бүгін “Қолөнершілер” орталығында «Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат» атты эпостық жырлар мен қисса-дастандарды жатқа айтудан балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық байқау өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – қазақ халқының бай тарихын, батырлардың ерлігі мен елдік рухын жас ұрпақ санасына сіңіру, ұлттық мұраны насихаттау және ауыз әдебиетіндегі эпостық жырларды дәріптеу болды.
Байқауға өңірдің барлық аудан, қалаларынан жас дарындар қатысып, қазақтың батырлық жырларын нақышына келтіре орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – Айдар Көркем (Арыс қаласы)
I орын – Төрехан Інжу (Түркістан қаласы)
II орын – Әлібек Жақыпбек (Сарыағаш ауданы)
II орын – Абибулла Іңкәр (Арыс қаласы)
III орын – Балнұр Кенжеқызы (Жетісай ауданы)
III орын – Накипбек Жұлдызай (Жетісай ауданы)
III орын – Серік Жансель (Шардара ауданы)
жүлделі орындар анықталып ,сонымен қатар бірқатар қатысушылар арнайы жүлделермен марапатталды.
Аталған байқау жас ұрпақтың рухани тәрбиесін нығайтып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған маңызды мәдени шаралардың бірі болды.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1208335?lang=kk

Жауап қалдыру