Түркістанға өзге өңірлерден полицейлер тәжірибе алмасу мақсатында барды 

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістанға өзге өңірлерден полицейлер тәжірибе алмасу мақсатында барды. Түркістан қаласына Қарағанды, Қызылорда және Жамбыл облыстарынан келген полицейлер тәжірибе алмасу мақсатында арнайы барып, бірлескен қызметке кірісті. Алдымен саптық жиын өткізіліп, жеке құрамға қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Одан кейін тәртіп сақшылары “Тоқта құқық бұзушылық!” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан мен Кентау қаласында ауқымды тексеру жұмыстарын бастады. Полицейлер көшелер мен жол бойында бақылауды күшейтіп, көлік жүргізушілеріне заң талаптарын түсіндіріп, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертті.

Бірнеше сағат ішінде көлік әйнектерін заңсыз күңгірттеген, техникалық байқаудан өтпеген, сақтандыру полисі жоқ және көліктеріне заңсыз қосымша жабдықтар орнатқан жүргізушілер анықталды. Атап айтқанда, кейбір автокөліктерге Led-шамдары мен арнайы қызмет көліктеріне ғана тиесілі жарқылдауық маяктар орнатылғаны белгілі болды. Құқық бұзушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарына сәйкес шаралар қабылданды.

Тәртіп сақшыларының негізгі мақсаты – жазалау емес, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдағы тәртіпті сақтау. Аталған іс-шара 3 тәулік бойы жалғасады. Заң мен тәртіпке бағыну – қауіпсіздік кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1207705?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді