ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
ШЕШІМ
24 сәуір 2026 жыл № 40 Жаңаөзен қаласы
VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық
мәслихатының отыз тоғызыншы сессиясын шақыру туралы
VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы 2026 жылдың 29 сәуір күні шақырылсын.
VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы 2026 жылдың 29 сәуір күні сағат 11:00-де қала әкімдігінің 229 бөлмесінде басталады.
Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:
1. «2026 – 2028 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 35/310 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/111 «Жаңаөзен қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/112 «Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/103 «Жаңаөзен қалалық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Жаңаөзен қалалық
мәслихатының төрағасы Ғ. Байжанов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-zhanaozen/press/news/details/1207971?lang=kk

Жауап қалдыру