Абай облысында 250-ге жуық мектеп оқушысына қауіпсіздік сабағы өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласының «№38» орта мектебінде «Заң және тәртіп» аясында мақсатында 250-ге жуық жасөспірім қатысқан арнайы қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі тақырыбы – «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» болды. Лекцияны Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының орынбасары полиция подполковнигі Нүрекенов Мейірбек Заманбекұлы өткізді.

👮‍♂️Ол өз сөзінде құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына ерекше тоқталды:

«Құқық бұзушылық – тек жазалау мәселесі емес, ол адамның болашағына, қоғамдағы орнына әсер ететін күрделі әлеуметтік құбылыс. Сол себепті әр жасөспірім өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауы керек. Құқықтық нормаларды білу – бұл сіздердің өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге, әрі қоғамда сенімді, заңды тұлға ретінде өмір сүруге мүмкіндік береді», – деді Мейірбек Заманбекұлы.

Кездесу барысында жасөспірімдерге құқық бұзушылықтардың түрлері мен олар үшін қарастырылған жауапкершілік түрлері түсіндірілді. Сонымен қатар, күнделікті өмірде қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау ережелері бойынша практикалық кеңестер берілді.

👮‍♂️Нүрекенов Мейірбек атап өткендей:

«Ең бастысы – өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды қорғау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу тек полицияның міндеті емес, бұл әрбір азаматтың, әсіресе жасөспірімдердің жауапкершілігі. Құқықты білу және оны құрметтеу – қоғамдағы сенімділіктің кепілі», – деп атап өтті.

Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық білімдерін нақты мысалдар арқылы бекітті. Қорытындысында қатысушыларға заңдарды сақтау, күнделікті өмірде құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша нақты ұсыныстар беріліп, жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған практикалық кеңестер ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1208501?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді