Әулиекөл ауданының Первомай, Көктал, Юльевка және Новоселовка ауылдарында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражат есебінен іске асырылған сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы аяқталды.
Жобаларды іске асыру тұрғындарды сапалы ауыз суға тұрақты қолжетімділікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Жобалар шеңберінде 77,6 шақырым су құбыры желілері салынды және су тарату пункттері орнатылды, бұл шамамен 2028 адамды таза сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, атап айтқанда Первомайское ауылы – 564, Көктал ауылы – 520, Юльевка ауылы – 447 және Новоселовка ауылы – 497.
Құрылған инфрақұрылым сенімділік пен қауіпсіздіктің заманауи талаптарына сәйкес келеді. Бұл коммуналдық қызмет көрсету деңгейін және халықтың өмір сүру сапасын едәуір арттырады.
2025 жылы Қостанай облысында қайтарылған активтерден қаржыландыру арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында барлығы 16 жоба іске асырылды. Ағымдағы жылы тағы 9 денсаулық сақтау және білім беру нысандарын салу және жаңғырту жоспарланған.
Қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларды іске асыру барысы Қостанай облысы прокуратурасының бақылауында.
Қостанай облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1208558?lang=kk

Жауап қалдыру