Астанада экопарк салу бойынша инвестициялық жоба іске қосылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан астанасында «Energy Astana» эко-саябағын салу және пайдалану бойынша инвестициялық жоба іске қосылды.

Тиісті келісімшартқа Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов пен қытайлық «EAST HOPE» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Цюаньюань Пен қол қойды.

Жоба 2029 жылдың екінші жартысында іске қосылады деп күтілуде. Бірінші кезеңде эко-саябақ тәулігіне шамамен 1500 тонна қалдықты өңдеп, 50 МВт электр энергиясын өндіреді. Оны іске асыру 250 уақытша және 125 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Ғ. Оспанқұлов заманауи технологиялық және экологиялық талаптарға сай келетін осы ауқымды жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1208582?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді