ИСЛАМ ИНСТИТУТЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін киелі шаһардағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы республикалық имамдардың білімін жетілдіруге арналған ислам институты түлектеріне куәлік табыстау салтанаты өтті.
Аталған іс-шара қасиетті Құран аяттарымен басталып, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау сөзімен жалғасты.
Салтанатты кеш барысында бітіруші түлектерге арнайы куәліктер табысталды. Сонымен қатар, ардагерлер мен ел ағалары да ізгі лебіздерін жеткізіп, жас мамандардың ел руханияты жолындағы еңбегіне сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1208681?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді