
Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында еліміздегі 185 Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.
«Таза Қазақстан» – елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға және қоғамдық кеңістіктердің тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық бастама. Жобаның негізгі мақсаты – табиғатты аялау, қалалар мен ауылдардың тазалығын сақтау және азаматтардың ортақ жауапкершілігін арттыру.
Осы бағытта еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан Келешек мектептерінің оқушылары да белсенділік танытуда. Бұл бастама жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениет қалыптастыруға ықпал етеді.
Сенбілік барысында оқушылар мектеп аумағын ғана емес, жақын маңдағы қоғамдық кеңістіктерді де тазалап, табиғатты аялаудың нақты үлгісін көрсетті. Ағаш отырғызып, көгалдандыру жұмыстарына баса мән берген өңірлер де бар.
Аталған екі жоба да Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1208604?lang=kk

Жауап қалдыру