
Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Алматы-1 теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстарының барысымен танысты.
Жұмыс сапары аясында құрылыс алаңына тексеру жүргізіліп, мердігер ұйым өкілдері мен жауапты қызметтердің жобаның іске асырылу барысы туралы баяндамалары тыңдалды.
Жоба аясында вокзал ғимаратын қазіргі 17 165,5 шаршы метр аумағын сақтай отырып реконструкциялау көзделген. Жаңғырту барысында нысан заманауи инженерлік жүйелермен, күту аймақтарымен, сервистік инфрақұрылыммен жабдықталып, сондай-ақ ерекше қажеттіліг шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдай жасалады.
Қазіргі уақытта нысанда шатыр орнату, ғимарат қаңқасын күшейту, сыртқы инженерлік желілерді тарту, сондай-ақ ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Тексеру қорытындысы бойынша Нұрлан Сауранбаев құрылыс-монтаж жұмыстарының сапалы орындалуын және барлық технологиялық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Жобаны іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен жайлылық деңгейін арттыруға, сондай-ақ вокзалдың заманауи көлік инфрақұрылымы талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1208649?lang=kk

Жауап қалдыру