
Өзбекстан астанасы Ташкентте ат спортынан халықаралық турнир өтіп жатыр.
Бүгін отандасымыз Олег Соколенко SHENANIGAN тұлпарымен 125 см биіктіктегі маршрутта жеңімпаз атанды. Бұл Қазақстан құрамасының еншісіндегі 3-алтын.
Кеше, жарыстың алғашқы күнінде 120 см маршрутта Бекжан Байжанұлы (KING DIAMOND) және 140 см маршрутта Ксения Баталова (LADY DI) 1-орын алған.
Сонымен қатар Олег Соколенко Ташкентте күміс пен қолаға қол жеткізіп үлгерген. Кеше әлем кубогы мен Гран-при жарысқа іріктеу саналатын 140 см маршрутта (CINDERELLA тұлпарымен) 2-ші, 120 см кедергілер жолында (SHENANIGAN тұлпары) 3-ші нәтиже көрсетті.
Сондай-ақ Нурила Тұрысбекованың (QUIBELLE VAN D’ABELENDREEF) еншісінде тағы қола медаль бар.
Қазір Қазақстан спортшыларында 3 алтын, 1 күміс, 2 қола болды. Жарыс 26 сәуірде аяқталады.
Алдағы уақытта біздің команданы 26 сәуірде өтетін FEI Jumping World Cup Grand Prix «Eurasian League» кезеңі күтіп тұр. Онда қатысушылар кедергілер биіктігі 155 см-ге дейінгі маршрутта бақ сынайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1208688?lang=kk

Жауап қалдыру