
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары 2026 жылғы 13 сәуірден 15 сәуір аралығында, 2026 жылғы 1 жартыжылдыққа бекітілген тізімге сәйкес, ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Ибежанов көшесі, 69 мекенжайында орналасқан «Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізді.
Тексеру нәтижесінде «Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне орындау мерзімін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Сондай-ақ, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен бірлесіп, халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы бойынша әлеуметтік салада түсініктемелер берілді.
Қатысушылардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-vko/press/news/details/1208675?lang=kk

Жауап қалдыру