Министрлік қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Министрлік қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке қатысты

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Министрлік қызметкерлері қаланы абаттандыруға, қоғамдық орындарды тазалауға және аумақты көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Осындай игі шаралар қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастырып, ортақ мақсат жолында жұртшылықты біріктіреді.

Министр Саясат Нұрбек:

«Таза Қазақстан» бастамасы – бұл жай ғана экологиялық акция емес, бұл қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Тазалық әрқайсымыздан, қоғам мен келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізден басталады», – деп атап өтті.

Экологиялық акцияларға қатысу – барша азамат үшін таза, жайлы әрі заманауи орта қалыптастыруға қосылған үлес.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1208561?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді