
Павлодар облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық тұжырымдамасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 18 сәуірінен бастап елді мекендерді санитарлық тазарту бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізілуде.
11 сәуірде өңір қалаларында «Таза қала» экологиялық акциясы өтті. Оның аясында ірі кәсіпорындар мен ұйымдар қоғамдық кеңістіктерді тазалау жұмыстарына белсенді қатысты.
18 сәуірден бастап тазалық айлығы басталды. Оның шеңберінде «Таза аула» акциясы өткізілді. Іс-шара барысында ПИК, МИБ және жай серіктестіктердің өкілдері аулалар аумақтарын абаттандыру және тазалау жұмыстарын ұйымдастырды.
Негізгі іс-шаралардың бірі 25 сәуірде өткен жалпы облыстық сенбілік болды. Оған 200 мыңнан астам адам және шамамен 40 мың ұйым қатысты. Жұмыстарды жүргізуге 600-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 20 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Барлық қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қосымша ретінде тазалық айлығы аясында облыс полигондарында халық үшін тұрмыстық қалдықтарды тегін қабылдау ұйымдастырылды.
Өңірді көгалдандыруға ерекше назар аударылды. Баянауыл ауданында «Жасыл Ел» қозғалысының еріктілері облыс әкімінің қатысуымен 500-ден астам ағаш отырғызды.
Жалпы облыс бойынша сенбілік аясында шамамен 30 мың көшет отырғызылды.
Өткізілген іс-шаралар халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1208554?lang=kk

Жауап қалдыру