Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі А.Н. Тлешевтің бастамасымен Қарағанды облысының әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Комиссиясымен бірлесіп ҚАЖ №32 мекемесіне барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі А.Н. Тлешевтің бастамасымен Қарағанды облысының әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Комиссиясымен бірлесіп ҚАЖ №32 мекемесіне барды. Сапар барысында қайта әлеуметтендіру, оқыту, жұмысқа орналастыру, сондай-ақ сотталған әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша ұсыныстар талқыланды.
Ұлттық кітап күніне орай №32 мекеменің кітапхана қорына 400-ден астам кітап берілді. Берілген әдебиеттер көкжиекті кеңейтуге, жалпы мәдениеттің деңгейін арттыруға және мекемеде ұсталатын адамдардың өзін-өзі тәрбиелеуі үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Осы бағыттағы жұмыс облыстың басқа түзеу мекемелерінде де жалғасатын болады.
Құқықтық ағарту шеңберінде сотталғандарға заң көмегін көрсете отырып, құқықтық сағат өткізілді. Мекеменің жеке құрамына және сотталғандарға Ұлттық алдын алу тетігі институты туралы ақпарат берілді, сонымен қатар “Адамның іргелі құқықтары” тақырыбында дәріс өткізілді.
Сонымен қатар, адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары және азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жаза түрлеріне жол бермеу туралы түсіндірме жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1208616?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді