Қазақстан Бразилиямен туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бразилиа қ., 2026 жылғы 24 сәуір – ҚР-дың Бразилиядағы Елшілігі «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен бірлесіп «Қазақстан мен Бразилияның туристік әлеуеті: ынтымақтастық перспективалары» тақырыбында онлайн-конференция өткізді. Іс-шараға Бразилия Туризм министрлігінің өкілдері, туристік агенттіктер және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстанның туристік әлеуеті туралы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарушы директоры Шырын Мусина баяндама жасады.

Бразилия тарапынан Бразилия Туризм министрлігінің халықаралық қатынастар басқармасының басшысы Жуан Рикардо Родригес Виегас және екіжақты қатынастар мен халықаралық жобалар жөніндегі үйлестіруші Тиаго Соуза Лима сөз сөйледі. Өз кезегінде, «Embassy News» бразилиялық ақпарат агенттігінің Бас редакторы Лиз Лобо Қазақстанға арналған арнайы жобаны, соның ішінде туристік мүмкіндіктерді БАҚ-та кеңінен жариялауды ұсынды.

Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстанда болған бразилиялық блогерлердің қатысуымен дайындалған бейнероликтер көрсетілді. Конференция соңында қатысушылар туристік компаниялар арасында тікелей байланыстар орнату, бизнес-миссияларды ұйымдастыру және сүйемелдеу, сондай-ақ халықаралық туризм іс-шараларына қатысу мәселелері бойынша ақпаратпен алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1208528?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді