RES2026 алаңында Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) аясында энергия тиімділігі бойынша озық тәжірибе кеңесін құру мәселесі талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) делегациясымен кездесу өткізді.

Аталған бастаманы талқылау ТМҰ-ның Габала қаласында өткен XII Саммитінде қабылданған шешімдердің жалғасы болып табылады.

Аталған саммит барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ аясында энергия тиімділігі бойынша озық тәжірибе кеңесін құру туралы ұсыныс білдірген болатын.

Кездесуді аша отырып, ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өмүралиев мүше мемлекеттердің тұрақты даму, энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану және бірлескен климаттық күн тәртібін ілгерілету бағытындағы күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің төраға орынбасары Мухаммед Андақов сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберінде энергия тиімділігі жөніндегі кеңес құру бастамасы елдер арасындағы үйлесімді іс-қимылды күшейтуге, озық тәжірибе алмасуға және ортақ жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Сонымен қатар ол қатысушы мемлекеттердің тек пікір алмасумен шектелмей, нақты нәтижеге бағытталған бірлескен әрекетке көшуінің маңызын сөзге тиек етті.

Қатысушылар ықтимал өзара іс-қимылдың басым бағыттарын талқылады, соның ішінде озық тәжірибе алмасу, бірлескен бағдарламаларды дамыту және заманауи энергия тиімді технологияларды енгізу мәселелері қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ТМҰ аясында энергия тиімділігі және өнеркәсіптік дамуды жетілдіру салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1208529?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді