
ШҚО Полиция департаментінде гарнизондық жиын өтті
Полиция департаментінің саптық алаңында қоғамдық тәртіпті күзетуге жұмылдырылған күштер мен құралдардың дәстүрлі гарнизондық жиыны өтті. Іс-шара ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рифхат Тауфиковтың төрағалығымен ұйымдастырылды.
Жиын барысында жеке құрамның қызмет өткеруге дайындығы, автокөліктердің жай-күйі және қызметкерлердің жабдықталуы тексерілді.
Рифхат Шафихұлы қазіргі кезеңдегі басым міндеттерге тоқталды. Соның ішінде «Уылдырық шашу» және «Қауіпсіз жол» сияқты ауқымды жедел профилактикалық іс-шараларды сапалы өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Жеке құрамға арнаған сөзінде ол былай деді:
«Біздің негізгі мақсатымыз — жай ғана құқық бұзушылықтарды тіркеу емес, азаматтардың нақты қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету. Табиғатты қорғау полициясы және жол қауіпсіздігі желісі бойынша пысықтау жұмыстарын жүргізу кезеңінде әрбір қызметкер барынша қырағылық пен кәсібилік танытуы тиіс. Заңдылықты қатаң сақтауды және тұрғындармен сыпайы болуды талап етемін».
Іс-шара салтанатты шерумен аяқталды, содан кейін полиция бөліністері облыс аумағында көшелерді патрульдеу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету орындарына аттанды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1208647?lang=kk

Жауап қалдыру