СІМ-де ЮНЕП делегациясының Қазақстанға сапарының қорытындылары талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана, 2026 жылғы 24 сәуір Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстанға Өңірлік экологиялық саммитке (ӨЭС) қатысу үшін келген БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) Еуропалық өңірлік кеңсесінің директоры Арнольд Крейлхуберді қабылдады.

Е.Ашықбаев ЮНЕП өкілін саммит аясында ҚР Үкіметі мен Ұйым арасындағы стратегиялық серіктестік жөніндегі негіздемелік келісімге қол қойылуымен құттықтады. Аталған құжат  ұзақ мерзімді бірлескен бастамаларды іске асыру үшін институционалдық негіз қалыптастырады.

Қазақстандық дипломат еліміздің орнықты даму, қоршаған ортаны қорғау және өңірлік өзара іс-қимылды нығайту салаларындағы дәйекті саясатты ұстанатынын атап өтіп, экологиялық күн тәртібін іске асыруға және экологиялық форумды өткізуге атсалысқаны үшін ЮНЕП-ке алғыс білдірді.

Өз кезегінде, А.Крейлхубер келісім аясында ЮНЕП-тің Алматы қ. Орталық Азияға арналған субөңірлік кеңсесінің негізінде құрылғын Өңірлік экологиялық хабты Орталық Азиядағы күш-жігерді шоғырландыруға арналған платформа, сондай-ақ озық тәжірибе мен ғылыми сараптама орталығы ретінде қарастыратынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Саммиттің қорытындылары мен қабылданған құжаттарды іс жүзінде іске асыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бағытында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1208482?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді