
Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық
мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші
сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2026 жылғы 30 сәуірде сағат 17:00-де Түркістан қаласында сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы шақырылсын.
Облыстық мәслихат төрағасы Н. Әбішов
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс
халқының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясының 2026 жылғы 30 сәуірде сағат 17:00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат (1-қабаттағы мәжіліс залы).
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2026 жылғы 30 сәуірде сағат 16:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.
Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:
- «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №20/268-VІII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 14/172-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы.
- «Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 12/161-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Облыстық мәслихат төрағасы Н. Әбішов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan/press/news/details/1208516?lang=kk

Жауап қалдыру