Жітіқара тұрғыны заңсыз ақша аударымдары үшін сотталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жітіқара қаласының тұрғыны Instagram әлеуметтік желі арқылы табыс табу мүмкіндігі туралы хабарландыруды көріп, белгісіз тұлғамен WhatsApp мессенджері арқылы хат алмасып, оған өзінің банк шотының деректерін берген.

Кейіннен оның шотына ақша қаражаттары түсіп, ол 1% мөлшерінде сыйақы ұстап қалып, қалған соманы үшінші тұлғалардың нұсқауы бойынша аударған.

Сотталған адамның әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабының 4-бөлігі бойынша, яғни материалдық сыйақы үшін үшінші тұлғаның пайдасына банк шотын пайдалану арқылы ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру ретінде сараланған.

Сот үкімімен оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Жазаны тағайындау кезінде сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде кәмелетке толмаған баласының болуын және шын өкінуін ескерді.

2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне «дропперлік» шоттарды пайдаланғаны үшін жауапкершілік көздейтін 232-1-бап енгізілгені атап өтілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.                                                      

Қостанай облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1208564?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді