
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11-сынып оқушыларына арналған бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының тақырыбы:
«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар».
Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясындағы негізгі өзгерістермен танысып, білім беру саласына қатысты маңызды баптар бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметпен қарау және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. ова
Оқушылар топтық жұмыстар арқылы Конституция баптарын өмірмен байланыстырып, нақты мысалдар келтірді. «Заң мен тәртіп», «Отанға қызмет ету», «Табиғатты қорғау», «Білім алу құқығы» секілді маңызды бағыттар бойынша ой бөлісті.
Сынып сағаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, ел болашағына бейжай қарамайтын жауапты әрі адал азамат тәрбиелеуге бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1208708?lang=kk

Жауап қалдыру