
АХМЕТТІҢ ӨШПЕС ӨНЕГЕСІ
«Ахметтің өшпес өнегесі» тақырыбындағы TEDx конференциясы «Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы аясында Рудный қаласының А.Байтұрсынұлы мектептің базасында табысты өткізілді. Аталған шара Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектептер үшін маңызды рухани-танымдық алаңға айналды. Конференцияның негізгі мақсаты – ұлы ағартушының мұрасын кеңінен насихаттау, оның идеяларын заманауи тұрғыда талқылау және білім алушылар мен педагогтердің сыни ойлау, талдау, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту болды.
Іс-шара барысында қатысушылар TEDx форматында мазмұнды баяндамалар ұсынып, Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінің бүгінгі қоғамдағы маңызы, ұлттық құндылықтар мен білім беру жүйесіндегі орны туралы өз көзқарастарымен бөлісті. Сонымен қатар, спикерлер ақын шығармалары мен қоғамдық қызметін қазіргі заман талаптарымен ұштастыра отырып, тың идеялар мен өзекті ой-пікірлер ұсынды.
Конференция мектеп педагогтері мен басшылары арасында тәжірибе алмасуға, кәсіби диалог орнатуға және ұлттық мұраға деген құрметті арттыруға ықпал етті.
Нәтижесінде, Ахмет Байтұрсынұлы идеяларының өміршеңдігі тағы бір мәрте дәлелденіп, білім беру кеңістігінде оларды қолданудың жаңа бағыттары айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1208753?lang=kk

Жауап қалдыру