Өскемен қаласында ұн тарту өндірісі нысанында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қала кәсіпорындарының бірінде, дәнді сепараторлық тазалау бөлімінде тоқтың қысқа тұйықталуы салдарынан болған шартты өрт сценарийі пысықталды. Аңыз бойынша, өрт силос бункеріне тез таралып, өрт сөндіру жағдайын қиындатты.

Құтқару бөлімшелері оқиға орнына жедел келіп, шартты өртті жоюға кірісті. Өрт сөндірушілердің автосатыны қолдану арқылы 16 метр биіктікке оқпандарды беруіне, сондай-ақ силос бункерін стационарлық саты арқылы сөндіруіне ерекше назар аударылды.

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша, оқиға туралы нысан өкілі хабарлаған. Жағдайдың дамуы барысында өртті өз бетінше сөндіруге тырысқан қызметкерлердің бірі, құтқару күштері келгенге дейін жану өнімдерінен уланып, есінен танған. Құтқарушылар зардап шеккен адамды жедел эвакуациялады.

Құтқарылғаннан кейін оған апаттар медицинасы орталығының мамандары алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Мұндай оқу-жаттығулар қызметтердің өзара әрекеттерін пысықтауға, шынайы өрт жағдайында әрекет ету дайындықтарын арттыруға және өрт қаупі жоғары нысандардағы өрт болу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

         

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1208702?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді