Павлодар облысында шыбын-шіркейге қарсы ауқымды өңдеу жұмыстары басталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атамекен кентіне шыбын-шіркейге қарсы әуеден өңдеу жүргізуге арналған шағын авиацияның 10 ұшағы жеткізілді. Ұшақтар облыс аудандарына бөлінді: 3 ұшақ Павлодар ауданының солтүстігіндегі Атамекен кенті аумағында және Павлодар қаласының аумағында жұмыс істейді, 2 ұшақ Бірлік ауылында – Ақсу қаласының жайылмасы мен Павлодар ауданының оңтүстік бөлігін қамтиды, ал Ақтоғай, Павлодар, Ертіс, Железин және Тереңкөл аудандарында бір-бір ұшақтан орналасатын болады.

Ұшақ қамти алмайтын жерлерде дезинсекциялық жұмыстар жүргізу үшін жүк көтерімділігі 100 кг дейін және 10 сағат ішінде 250 га дейін аумақты қамту мүмкіндігі бар арнайы дрондарды пайдалану жоспарлануда.

2026 жылы әуеден өңделетін алқаптың жалпы аумағы 172 мың га құрайды. Сонымен қатар 67 елді мекенде тосқауылдық өңдеу және 3200 км өзен арнасында өңдеу жүргізу қарастырылған.

Бүгінгі таңда препараттар толық көлемде жеткізілді (234,3 мың кг биологиялық және 13,9 мың литр химиялық), 310 текше метр биологиялық суспензия дайындалды, шағын су айдындарын өңдеу жұмыстары басталды (26 ауылдық елді мекен қамтылады), биологиялық препарат суспензиясын дайындау толық аяқталды (жалпы көлемі 310 текше метр).

Ғылыми топтың ұсынымдарына сәйкес, 6 сәуірден бастап уақытша су айдындарын өңдеу басталды. Облыстық мердігер 26 ауылдағы су айдындарын өңдеді. Сондай-ақ Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларындағы жертөле үй-жайларын өңдеу жұмыстары аяқталды.

13 сәуірден бастап Шүлбі су қоймасынан негізгі су жіберу кезеңі басталды, судың ең жоғары ағыны 8 тәулік бойы секундына 3500 текше метр болды. Түзетулерді ескере отырып, жалпы су көлемі шамамен 6,0 км³ болады, бұл жайылманың 80-85% су басуын қамтамасыз етеді. 14 мамырдағы жағдай бойынша гидробекеттерде қауіпті деңгейден асу тіркелген жоқ. Өңірде шыбын-шіркейдің даму кезеңдерін фенологиялық бақылау және жүргізіліп жатқан өңдеулердің тиімділігін қадағалау жалғасуда.

– Шыбын-шіркейге қарсы күрес стратегиясы тек өңдеу жұмыстарын жүргізумен шектелмейді, сонымен қатар оның ашықтығы мен халық үшін нәтижесін қамтиды. Барлық іс-шаралар жүйелі түрде, талаптарға сәйкес және ғылыми топтың тұрақты бақылауымен жүргізілуі тиіс, – деп атап өтті өңір басшысы.

Облыс әкімі Асайын Байханов әуеден, тосқауылдық және өзен арқылы өңдеулерді уақтылы әрі сапалы жүргізуді қамтамасыз етуді, қолданылатын препараттардың тиімділігіне ғылыми топтың қатысуымен бақылауды күшейтуді, халықтың өтініштеріне жедел әрекет етуді, су шаруашылығы жағдайын және гидроқызметтермен өзара іс-қимылды тұрақты бақылауда ұстауды, жағалау аймақтары мен туристік аумақтардағы жұмысты жандандыруды, барлық тартылған қызметтердің ведомствоаралық үйлестіруін қамтамасыз етуді тапсырды.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1208778?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді