Қазақстан ескекшілері Азия чемпионатында тағы 7 жүлдеге қол жеткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қытайдың Хэфэй қаласында Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік Азия чемпионатының шешуші жарыс күні өтіп жатыр.

Шешуші жарыс күні Қазақстан командасының қоржыны тағы 3 күміс, 4 қола медаль түсті.

🥈Күміс:
Байдаркада 500 метрге жарыс – Бекарыс Раматулла

Байдаркада 5000 метрге жарыс – Кирилл Тубаев
Байдаркада 5000 метрге жарыс – Стелла Суханова

🥉Қола:
Каноэде 500 метрге жарыс, микст – Қазақстан командасы (Сергей Емельянов пен Руфина Искакова)

Байдаркада 500 метрге жарыс – Стелла Суханова

Каноэде 5000 метрге жарыс – Мария Бровкова

Байдарка 500 метрге жарыс – Қазақстан әйелдер құрамасы (Эвелина Костенко, Ольга Шмелёва, Татьяна Токарницкая, Стелла Суханова)

Бүгінгі жарыс күні біздің спортшылар үшін мынадай деректермен есте қалды:
– Эвелина Костенко 16 жасында, Владислав Руденко 19 жасында ересектер арасындағы Азия чемпионатында дебют жасады.
–  Ольга Шмелёва мен Стелла Суханова чемпионаттағы ең көп жүлде алған ескек есушілердің қатарында. Ольганың еншісінде 1 алтын, 2 күміс, 1 қола болса, Стеллада 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.

Қазақстан командасы Хэфэйдегі рейтингік жарысты 2 алтын, 5 күміс және 9 қола медальмен аяқтады. Жалпы есеп:
1. Қытай құрамасы
2. Өзбекстан құрамасы
3. Қазақстан
4. Вьетнам құрамасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1208771?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді