
Бүгін Корея Республикасының Чхунджу қаласында академиялық ескек есуден Азия кубогының финалдары аяқталды.
Еліміздің Ұлттық құрамасы бәсекеде 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Жүлдегерлер:
🥇Алтын – Иван Чернухин мен Владислав Яковлев (әр спортшыда 1 ескектен, жұптық сын);
🥇Алтын – 4 адамдық ерлер командасы (әр спортшыда 1 ескектен жұптық сын) Владислав Яковлев, Иван Чернухин, Алексей Красновский, Владислав Галкин;
🥈Күміс – Бауыржан Сұлтанов пен Александр Афанасьев (жеңіл салмақтағы жұптық жарыс, қос ескек);
🥈Күміс – Мария Чернец пен Екатерина Носкова жұбы (әйелдер арасында жеңіл салмақ);
🥈Күміс – Артём Матусевич (жекелей сын, ерлер арасындағы жеңіл салмақ)
🥉Қола – Роза Кеңес (әйелдер арасындағы жеңіл салмақ)
Сонымен қатар А финалында жүлдеге таласқан Бапан Асханбек, 4 адамдық Қазақстан әйелдер командасы (әр адамда бір ескекті), 4 адамдық ерлер құрамасы мен Анастасия Кулинич 4-болып мәреге жетті.
Айта кетейік, жарысқа 15 мемлекеттен 383 спортшы қатысты. Жалпыкомандалық есепте Гонконг командасы (5 алтын, 1 күміс, 1 қола) 1-орын алса, Вьетнам мен жарыс қожайыны Корея үштікті түйіндеді. Қазақстан спортшылары 4-орынға тұрақтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1208770?lang=kk

Жауап қалдыру